Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 54 шешімі
(2025.09.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сырдария ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Сырдария аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сырдария аудандық мәслихат төрағасы | Е. Әжікенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2025.11.04. № 183 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Сырдария аудандық мәслихатының
2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 54 шешімімен бекітілген
Сырдария ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер